Friday Sermons
📅 06.11.2026 · ⏱️ 1 min read
Ғибадат
🎧 Listen to Sermon (MP3)
↗ Open MP3 directly
﷽ “Ер кісі ме, әйел кісі ме, кімде-кім мүмін бола тұра ізгі іс істесе, оған жақсы өмір нәсіп етеміз және олардың сыйлықтарын істеген ең жақсы амалдарына қарай береміз.” Алла Елшісі (с.ғ.с): “Алла алдында амалдардың ең сүйіктісі – аз болса да, үзілмей жалғасқаны” деген. Құрметті мұсылмандар! Аллаға деген сүйіспеншілігіміздің ең айқын көрінісі – ғибадаттарымыз. Ғибадат – жаратылу мақсатымыз. Қадірлі мүміндер! Алла парыз еткен ғибадаттар – дініміздің тірегі. Намаз бізді күнәдан тазартады, ораза тақуалыққа үйретеді, зекет сараңдықтан сақтайды, қажылық теңдікті еске салады. Қымбатты мұсылмандар! Алланың разылығы үшін жасалған әрбір игі іс – ғибадат. Халал ризық табу, адал болу, туыс-туғандармен қарым-қатынасты нығайту, мұқтаждарға көмектесу – ғибадат. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): “Пенде бауырына көмектескенше, Алла да сол пендеге көмекші болады” деген. Қадірлі бауырлар! Бір жылы жүз, бір жақсылық, науқасқа жәрдем, мұқтажға қол ұшын созу – ғибадат. Құранда: “Кімде-кім бір адамның өмірін сақтап қалса, барша адамзатты құтқарғанмен тең” делінген. Өміріміз қысқа, ақырет мәңгілік. Бастысы – Алланың разылығы үшін жасаған амалдарымыз. Өмірімізді ғибадатқа айналдыруды нәсіп етсін.